Жантүршігерлік видео тарады: Ақтауда әйел көпқабатты үйден құлап кеткен

Жантүршігерлік видео тарады: Ақтауда әйел көпқабатты үйден құлап кеткен
Фото: видеодан кадр

Ақтауда куәгерлер әйел 19-шағынаудандағы көпқабатты үйден құлап, мерт болғанын айтып жатыр. Полиция қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде әйел құлаған жердің видеосы пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға 18 мамырда 19-шағынауданда 40-үйде болған.

Кадрларлан қайғылы оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы, сондай-ақ, жедел-тергеу тобы келгені көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, қыз қаланың спорт залдарының бірінде фитнес жаттықтырушысы болып жұмыс істеген.

"Осы дерекке қатысты суицидке жеткізу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деді полиция.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова