СҚО-да автобус жүргізушілері алкоголь және есірткі тексерісінен өтпей, балаларды тасымалдаған

СҚО-да автобус жүргізушілері алкоголь және есірткі тексерісінен өтпей, балаларды тасымалдаған
Фото: gov.kz

СҚО-да тексерістер барысында облыстың білім мекемелерінде балалаларды тасымалдауда дөрекі бұзушылықтар анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айыртау және Уәлиханов аудандарында мектеп автобустарының жүргізушілері Жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесінің 107,108 тармақтарын (бұдан әрі-Ереже) бұза отырып, 372 баланы жолға шығу алдындағы медициналық тексерусіз тасымалдаған.

М.Жұмабаев және Аққайың аудандарының білім беру ұйымдарында Ереже талаптарына қайшы, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету туралы келісімдер жасалмаған, сондай-ақ автобус жүргізушілері алкогольдік және есірткілік заттарды пайдалану фактісі бойынша медициналық тексеруден өтпеген.

Аққайың ауданында 4 білім беру мекемесі Ереже талаптарын бұза отырып, балаларды алғашқы көмек қобдишасыз және жедел жәрдем белгісінсіз тасымалдаған.

Қадағалау органының актілері бойынша кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, бұзушылықтар жойылды.

Жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша 1632 баланың құқығы қорғалды.

Кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау сұрағы облыс прокуратурасының бақылауында.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина