"Тойынғандық". Мейрамбек Беспаевтың желідегі видеосы көпшіліктің ашуын келтірді

Әнші Мейрамбек Беспаевтың тамақ жеп отырып түсірген пародиясы желі оқырмандарын ашуландырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі Тұрсынбек Қабатовтың бауырсақ туралы айтқан әзіліне түсірген видеосы көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Желі қолданушылары әншіге ашуланып, "нанмен ойнау тойынғандықтың белгісі" деп ескерту жасады. "Тиіспеңдерші бауырсаққа, ол қазақтың бауырсағы", "бауырым, басқа басқа нанмен ойнамаңдар, басқа нәрсе таппадыңдар ма", "обал болады ғой", "қызық емес, бауырсаққа тиіспеңіздер", "шетелдің керегі не бізге", "бір үзім нанға жете алмай отырғандар бар, бұл - тойынғандық", "бауырсаққа ештеңе салудың қажеті жоқ" деп жазды олар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз