"Балалардан ұят болды-ау". Өмірқұл Айниязов сүйінші жаңалығын бөлісті

Әнші Өмірқұл Айниязовтың немересі дүниеге келді. Өнер иесі қуанышты жаңалығымен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жақында ұлды болған ол төрт айдан соң немерелі болған қуанышына халықтан сүйінші сұрады.

"Осыдан 4 ай бұрын "балалардан ұят болды-ау" деп ұлды болып едім. Ал бүгін немерелі болдым, ағайын. Құттықтап қойыңыздар", - деп жазды әнші өз парақшасында.

Желі қолданушылары өнер иесінің қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!