Қазақстанға оралған Айгүл Иманбаеваға әріптестері тосын сый жасады

Қазақстанға оралған Айгүл Иманбаеваға әріптестері тосын сый жасады
Фото: Әлеуметтік желіден

Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева Лондонда "Болашақ" бағдарламасымен оқып, Қазақстанға оралды. Өнер иесін әуежайдан шәкірттері мен әріптестері тосынсый жасап күтіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана әуежайында әншіні әріптестері мен студенттері бешбармақ, бауырсақ әкеліп, қымызбен қарсы алды. Тіпті, студенттері пранк жасап, төбелесіп ұстаздарын қорқытты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от А.И Академия (@a.i_academy)

Желі қолданушылары "Айгүл ханым, ұжымыңыздың ауызбіршілігі нығая түссін", "жаңа сатыға көтеріліп, біліміңе білім қосып келіп жатырсын, өмірің ғажап бола берсін", "керемет, қазактын ұлттык тагамдарын сагынып калыпты", "түу, күтіп алудағы сәт қандай керемет", "өзім Америкадан келгендей болдым ғой", "қандай тамаша көрініс, керемет" деп жазды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы