Семейде көшеден ер адам өлі табылды

Семейде сауда орталығының жанынан ер адамның мәйіті табылды, полицейлер бұған қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарап жатыр. Онда ер адамның Цемент ауылы ауданындағы сауда үйінің жанында асфальтта жатқанын көруге болады. Оқиға туралы полиция бөлімі айтты.

"Ер адамның денесі Глинка көшесінде орналасқан сауда үйлерінің бірінің жанынан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам ауырып қалған. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!