Жаңбыр, қар: 21 мамырда ауа райы қандай болады?

Жаңбыр, қар: 21 мамырда ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Синоптик мамандар 21 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен елдің басым бөлігінде найзағаймен жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде бұршақ, оңтүстіктің таулы аудандарында дауыл болады, Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша жел күшейеді, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, таулы аудандардың оңтүстік-шығысында тұман болады деп күтіліп отыр.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Қызылорда облысының шығысында, ооңтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Абай облысының оңтүстігінде Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина