Алматыда заңсыз салынған құрылыс бұзылды

Алматыда заңсыз салынған құрылыс бұзылды
Фото: Алматы әкімдігінен

Алматыда заңсыз салынған құрылыс бұзылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шұғыла шшағынауданында 110 учаске аумағы 1350 шаршы метрден асатын салынып жатқан ғимаратты сот заңсыз деп таныды. 

Жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде меншік иесі (жеке тұлға) нысанды рұқсат құжатынсыз шаруашылық тәсілмен тұрғызылғаны анықталды.

Басқарма меншік иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 316-бабы 1, 321-бөлігі бойынша шаралар қабылдады және жол берілген бұзушылықтарды жоюға ұйғарым берген, меншік иесі оны өз кезегінде орындамады.

2023 жылғы 20 маусымда Басқарма Наурызбай аудандық сотына бұзу туралы талап арыз берді.
2023 жылғы 9 қазанда сот талқылауларының нәтижесі бойынша Басқарманың талап-арыздары қанағаттандырылды.

Бүгін Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен меншік иесінің нысанды сүруі басталды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев заңсыз құрылысты бақылауды күшейтуді тапсырған болатын. Жалпы, қала бойынша талап қою қызметінің нәтижесі бойынша былтырдан бастап 33 заңсыз нысан толығымен немесе жартылай бұзылды, оның ішінде бизнес орталық, мейрамхана, қосалқы құрылыс пен автосервис, сондай-ақ Мечта және KHAN сияқты ірі тұрғын үй кешендері бар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина