Бішкектегі жаппай төбелес: зардап шеккендер саны күрт көбейді

Бішкектегі жаппай төбелес: зардап шеккендер саны күрт көбейді
Фото: видео кадрлары

Бішкектегі төбелес кезінде зардап шеккендер саны күрт көбейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, төбелес кезінде зардап шеккендер саны 41-ге жеткен. Бұған дейін олардың саны 29 болған.  

11 адам ауруханада емделіп жатыр. Қалалық жедел жәрдем ауруханасында екі науқас жатыр. Біреуінің бас сүйегіне зақым келген, екіншісінің жамбас сүйегі сынған. Науқастардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. 

Айта кетейік, 18 мамырға қараған түні Бішкектің бірқатар ауданында наразылық акциялары өтті, олар 13 мамырда болған жаппай төбелеске қатысушылар үшін әділдік талап етті. Ол кезде Бішкек жатақханаларының бірінде шетелдіктер мен Қырғызстан азаматтары арасында қақтығыс болған еді.

Бішкектегі студенттерге арналған жатақханалардың маңында жергілікті тұрғындар мен шетелдіктер арасында қақтығыстар болғаннан кейін 700-ден аса пәкістандық студент Қырғызстаннан өз Отанына эвакуацияланатын болды. Бұл туралы Пәкістанның сыртқы істер министрі Исхак Дар мәлімдеді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина