"Шашынан тартып, теуіп жібереді". Таразда ер адам әйел адамды аяусыз ұрып тастаған

"Шашынан тартып, теуіп жібереді". Таразда ер адам әйел адамды аяусыз ұрып тастаған
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Таразда ер адам әйел адамды аяусыз соққыға жығып тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 19 мамырда болған. Видеода ер адам әуелі әйел адамды қинап көлікке кіргізбек болады. 

Ол әйелді шашынан тартып, сүйрелеп, аяусыз ұрып, аяқпен теуіп жібереді.  

"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды, бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина