Су тасқыны: 61 мыңнан аса адам өз үйіне оралды

Су тасқыны: 61 мыңнан аса адам өз үйіне оралды
Фото: Massaget.kz / Нұржан Рысбеков

Су тасқынынан зардап шеккен 61 мыңнан аса адам өз үйіне оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10:00-дегі ақпаратқа сәйкес, республика бойынша 61 352 адам өз үйлеріне оралды. 5 452 адам эвакуациялау пункттерінде.

11 319 тұрғын үй мен 3 593 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 22,9 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,9 млн қапшық және 1,5 млн тоннадан астам инертті материал төселді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина