"Орыс қызды өлтіріп қоя жаздадым". Алаяқтық бойынша сотталған әнші әйелдер зонасындағы шындықты айтты

"Орыс қызды өлтіріп қоя жаздадым". Алаяқтық бойынша сотталған әнші әйелдер зонасындағы шындықты айтты
Фото: видеодан алынған кадр

Талай адамды сан соқтырып, алаяқтық әрекетімен танылған әнші 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Әйелдер зонасындағы шындықты әнші JURNALIST_KZ youtube-арнасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, түрмеде жиі төбелес болған.

"Түрмеде бәріне дайын жүресің. Төбелес те болды. Көзіңді ілуге болмайды, сақ жүресің. Төбелес камера жоқ жерде, туалет, жуынатын жерде болады. Кісі өлтіру қас-қағымда екен. Орыс қызды өлтіріп қоя жаздадым. Ол қызды танымаймын, сөйлеспеймін. Бірақ сол қызды маған айдап салып отырған әйелдерді білемін. Ыдыс жуып тұр едім. Артымнан келіп, "саған таяқ жеген ұнайды ғой, сен андайсың, сен мұндайсың" деді. "Жүре бер, сені танымаймын" дегенімде, артымнан шашымнан ұстап, ұра бастады.Шынтағыммен кеудесінен бір ұрып, қабырғаға  соғып, мен де шашынан ұстап үлгердім. Шашынан ұстап, кафельге ұрып жатырмын. Содан ол "Сандуғаш, кешір, жіберші" деп айқайлап шыңғырғанда бәрі келіп, зорға ажыратты. Соның өзінде қолымда бір уыс шашы қалып қойды", - деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы