"Енді маған жазбаңыз". Мәдина Сәдуақасова оқырмандарға ренішін жеткізді

Әнші Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желіде өзін сынайтын оқырмандарына ренішін жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі күні кеше әйгілі Николь Шерзингердің концертіне барып, 45 жастағы әлемдік жұлдызға тәнті болып қайтқан. 

"ЕНДІ МАҒАН ЖАЗБАҢЫЗ КОММЕНТАРИЙ! "Жасыңа қарасайшы!", "апа болдың", "қоя ғой" дегенді 1978 жылғы кеше от концерт болды. Алматы Аренаны шайқады Николь! Іштегі от лаулап , жанып тұрса жас значения не имеет! 79-78 дер қайдасыңдар", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары "Көңіл жас әрине, бірақ қазак екенимизді умытып кетпеу керек", "Ия Мадина көңіл жас бірақ сен Николға емес Никол саған еліктесін сонда жақсы болады", "Ой айналайын ! Көсегең көгергір сіңлім ! Сен оған теңелмеші сұранамын",  - деп жазды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз