Ақтауда күзетші оқушы қызға тиіскен: жаңа ақпарат пайда болды

Ақтауда күзетші оқушы қызға тиіскен: жаңа ақпарат пайда болды
Фото: Lada.kz

Ақтауда күзетші оқушы қызға тиіскен. Оқиғаның жаңа мәліметтері белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Маңғыстау облысының полиция департаменті өкілдері 10 жастағы оқушыға тиіскен білім мекемесінің бұрынғы күзетшісі соттың рұқсатымен екі айға қамауға алынғанын хабарлады.

Ол қазір оқшауланған.

Еске салайық, өткен жексенбіде, 12 мамырда 11-шағынаудандағы №10 мектепте өрескел оқиға болған еді. Күзетші оқу орнының ауласында ойнап жүрген оқушы қыздардың бірін шақырып алып, кейін оны бір жерге апарып, тиісе бастаған. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек