"Көжектер ұйықтап жатыр". ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады. Олардың айтуынша, қазір шөп өртеуге болмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Құрғақ шөпті өртемеңіз, қазір алғашқы көжектер ұйықтап жатыр. Құрғақ шөпті өртеу - көбінесе адамдардың кінәсінен болатын табиғи апат", - делінген хабарламада. 

Көптеген кішкентай қоян наурыз-мамыр айларында туады. Олар жыртқыш аңдардың көзінен тасада қорғалып,  бұталардың астында шөптер мен қамыстарда және орманның шетінде болады. Адамдардың мұқиятсыздығының кесірінен өрт шығып, өлімге әкелуі мүмкін.

ТЖМ азаматтарға қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!