Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет ауа райының қолайсыз болуына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктер болжамы бойынша 19 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, республиканың орталығында жаңбыр, бұршақ жауады.

Республика бойынша шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді. Еліміздің оңтүстігінде жел соғады, солтүстік-батыс пен солтүстікте тұман түседі.

Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қызылорда Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында жоғары өрт қаупі және Абай облысының оңтүстігінде, Үржар ауданында, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек