Құлсары көшелерінен 5,6 млн текше метрден астам су шығарылды

Құлсары көшелерінен 5,6 млн текше метрден астам су шығарылды
Фото: Massaget.kz / Нұржан Рысбеков

Құлсары көшелерінен 5,6 млн текше метрден астам су шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта Құлсары қаласының Болашақ шағынауданында орналасқан 14 үй су астында қалып отыр.

Соңғы ресми деректер бойынша, Жылыой ауданында су тасқыны кезінде 282 шағын және орта бизнес субъектісі зардап шекті. Бизнес нысандарын су тасқынынан қорғау мақсатында ұзындығы 3,4 км қорғаныс бөгеті салынды. 

Қазіргі уақытта Құлсары көшелерінен 5,6 млн текше метр су шығарылды.

Қазіргі уақытта біз Вахтовый шағынауданына қарама - қарсы айналма жол ауданында орналасқан кәсіпкерлік қызмет аумағын құрғатып жатырмыз, - деді Жұмабек Қаражанов.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина