Алматы облысындағы мектептердің бірінде өрт шықты

Алматы облысында Жамбыл ауылындағы мектептердің бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шақырту орнына келген бойда 2 шаршы метр аумақта су диспенсерінің жануы орын алғаны анықталды.

"Құтқарушылар келгенге дейін балалар өздігінен эвакуацияланған. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!