Алматы облысындағы мектептердің бірінде өрт шықты
![Алматы облысындағы мектептердің бірінде өрт шықты](/userdata/news/news_107475/image_l.png)
Фото:
Tengrinews архивынан
Алматы облысында Жамбыл ауылындағы мектептердің бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шақырту орнына келген бойда 2 шаршы метр аумақта су диспенсерінің жануы орын алғаны анықталды.
"Құтқарушылар келгенге дейін балалар өздігінен эвакуацияланған. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы