Шымкентте жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Шымкентте көлік тізгіндеген 24 жастағы жүргізуші белгіленбеген орында жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Шамамен 50-60 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды.

"Kia Carnival көлігін тізгіндеген 24 жастағы жүргізуші Темірлан тас жолы бойымен келе жатып, әуежайдан кейін жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ер адам алған ауыр жарақатынан сол жерде көз жұмды", - делінген хабарламада.

Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Көлік айыптұраққа қойылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!