Алматы облысында ер адам мас күйде көлік ұрлап, жол апатына түскен

Алматы облысында ер адам мас күйде көлік ұрлап, жол апатына түскен
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы облысында көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші мас күйде көлікті ұрлап, жол апатына түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыс орталығының полицейлері тоқтап тұрған көлікпен соқтығысып, 43 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Тексеріс барысында апатқа себеп болған жүргізуші мас болғаны, сонымен қатар, осыған ұқсас құқықбұзушылық жасағаны үшін жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.

"Қазір Қонаев қалалық полиция басқармасында көлік басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқару, сонымен бірге, көлікті айдап кету деректері бойынша екі қылмыстық іс қозғады. Ұсталған адам заңнамада белгіленген тәртіпке сәкес уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді Алматы облысы Полиция департаменті өкілдері.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова