55 секундта 12 соққы: ер адам әйелін жұрттың көзінше ұрып тастаған

Алматыда ер адам әйелін жұрттың көзінше ұрып тастаған. Ер адам әйелге 55 секундта 12 рет қол көтерген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға лифттің жанында болған. Ер адам әйелін қуып артынан келеді. Бір сәтте ер адам әйелге қол көтере бастайды. Ал қасында тұрған ер адамдар көмектеспей, қарап тұрады. 

Қалалық Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді. 

"Ұрып-соғу ісі бойынша іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Ол жауапқа тартылады. Бұл ретте әйелдің алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберіледі", - дейді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз