"Тоқалыңызға шамадан сатып алыңыз". Алматылық сауда ойын-сауық орталығының басы дауға қалды

"Тоқалыңызға шамадан сатып алыңыз". Алматылық сауда ойын-сауық орталығының басы дауға қалды
Фото: Видеодан алынған кадр

Жарнамаға тоқал тақырыбын қосқан Grand park Almaty сауда ойын-сауық орталығының басы дауға қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Батыр Жамал" басылымының мәліметінше, 13 мамырда Grand park Almaty сауда ойын-сауық орталығының әлеуметтік желідегі парақшасында "Тоқалыңызға шамадан сатып алыңыз!" тақырыбымен Вьетнамға үш адамға жолдама ұтыс ойыны туралы жазба жарияланған. Жарнаманың толық нұсқасы:

"Тоқалыңызға шамадан сатып алыңыз! Ал әйеліңізге тегін"

Алайда жарнамада "тоқал" тақырыбының қозғалғаны Желі қолданушыларына ұнамағанын байқаған ойын-сауық өкілдері жазбаны өшіріп тастаған көрінеді.  

Бірақ "Батыр Жамал" басылымының әлеуметтік желідегі парақшасында жарнамалық роликтің толық нұсқасы жарияланды.

View this post on Instagram

A post shared by Batyr Jamal (@batyrjamal)

Дегенмен жазба мен жарнаманың жойылуы Желі қолданушыларының ашуын баса қойған жоқ. Өйткені олар Grand park Almaty сауда ойын-сауық орталығының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған барлық кейінгі жазбаның астына наразылықтарын білдіріп, түрлі пікір қалдырып жатыр. 

"Неге кешірім сұрамайсыздар? Жиіркеніштісіздер", "Сіздердің тоқал туралы жарнамаңыздан кейін енді мүлде орталыққа бармаймын", "Біз онсыз да Бишімбаевтың кесірінен бүкіл әлем алдында масқара болдық! Еліміздегі әйелдерге деген шынайы құрметсіздік қазір шетелде талқыланып жатыр! Бұл тақырып сіздер үшін жай ғана хайп. Біз ақыр соңында зайырлы елміз! Сіздеп жарнамалап, хайп жасап жатқанда, кейбір әйелді ұрып-соғып немесе балаларды зорлап жатыр!", "Сіздер қай елде тұратындарыңызды білесіздер ме? Біз зайырлы мемлекетпіз, көп әйел алуға заңмен тыйым салынған. Сонда сіздер заңсыз әрекеттерді қолдайсызлар ма?", "Мұндай жарнаманы кім ойлап тапты?", "Ұят жарнама", "Әрекеттеріңіз үшін жауап беріңіздер" "Тоқалыңызға шамадан сатып алыңыз" дейді ме? Сіздердің естеріңіз дұрыс па? Бұл насихат қой", - деп жазған олар. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Айдың 16 күні туған адамдар қандай болады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә