Талғамы жоғары 4 жұлдызнама белгісі. Сіз бұл тізімде барсыз ба?

Талғамы жоғары 4 жұлдызнама белгісі. Сіз бұл тізімде барсыз ба?
Фото: pixabay.com

"Талғам – туа біткен қасиет" дегенді естуге болады. Алайда қазіргі дамыған заманда оны тәрбиелеуге арналған кеңестер көп. Бірақ арамызда жолы болғандар да бары рас. Ендеше, жұлдызнамасы бойынша, кімдердің талғамы жоғары?

Тоқты (21.03-20.04)

Бұл от белгісі әрқашан өзін киімдер көмегімен көрсетудің ерекше әдісін табады. Олар көпшілік арасынан стилімен ерекшеленеді. Бұл жұлдызнама белгісі өкілдерінің фирмалық ерекшелігі басқа әйелдерде кездеспейді. Олар киім үлгілерінде тартымдылық пен әдемілікті сәтті үйлестіреді. Тоқтылар сәнді және трендтегі киімдерді алғанды жақсы көреді. Олар, тіпті, ең қарапайым дүкеннің өзінен стильді киімдер тауып алады. 

Егіздер (22.05-21.06)

Егіздер стандартты емес шешімдерді жақсы көреді. Олар бір қарағанда үйлеспейтін киімдердің өзін жақсы жарастырады. Киім таңдағанда олар шығармашылығын қолдануға тырысады. Олардың гардеробын жалықтырғыш деп айтуға келмейді. Олар тек киімге емес, сондай-ақ аксессуарларға, әтірлерге, косметикаға да аса мән береді.

Арыстан (23.07-22.08)

Арыстандар стильмен тәжірибе жасауға әрқашан дайын. Олар әлемдегі сән жаңалықтарын бақылап жүреді, стилистердің жұмыстарынан шабыт алады. Киімді кездейсоқ таңдамайды: әр детальды ойластырады. Арыстандар өздеріне назар аудартқанды жақсы көреді, сондықтан стильге аса мән береді.

Мерген (22.11-21.12)

Мергендер сәнді трендтерді бақылап жүреді және стильді көрінуге тырысады. Олар ішін сыртқыға қарағанда ішкі әсер маңыздырақ, десе де олар жаңа киімдер алғанды жақсы көреді. Олар сәнге қарапайым қарайды, күнделіктіге қарапайым, бірақ стильді киімдер киеді. Сондай-ақ олар жеке талғамды жоғары бағалайды, сондықтан түрлі киімдерді бір-бірлерімен үйлестіріп, ерекше киім үлгілерін жасауға тырысады. Мергендер сәннің артынан қуатын жұлдызнама белгісі емес, олардың гардеробынан "әженің сандығынан" шыққан киімдер де болуы мүмкін. Олар мұндай киімдерді киюден қысылмайды. Олар үшін бастысы - киімнің  жарасымды болуы.

Оқи отырыңыз: Ақша үнемдей алатын 4 жұлдызнама белгісі. Сіз бұл тізімде барсыз ба?

А. Жапатова