"Айтбектің кінәсі". Дамир Ішмаметов Салтанат Нүкенованың өліміне ағасын кінәлайтындарға жауап берді

Бишімбаев ісі бойынша көпшілікті тәнті еткен адвокат Дамир Ішмаметов Аман Тасығанға берген сұхбатында Салтанат Нүкенованың өліміне ағасы Айтбек Амангелдіні кінәлау неліктен қате екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Адвокаттың айтуынша, Айтбек Амангелдіні қарындасының өліміне кінәлау мүлде дұрыс емес, өйткені әр адам өмірі үшін өзі жауапты. 

"Жоқ. Бұл жағдайда Айтбектің кінәсі жоқ, болуы да мүмкін емес. Ол Бишімбаевтың қарындасын ұратынын алғаш білгенде, оны аға ретінде бірден алып кетуге барды. Ол барды, Бишімбаевпен әңгімелесті, ол жерде төбелестің болып-болмағанын біз білмейміз, себебі біз өз көзімізбен көрген жоқпыз. Бірақ ол әрекет етті, қарындасынан бақытты өмірін жалғастыру үшін ажырасуын өтінді, қарындасының өмірінде абюз болмағанын қалады. Бірақ Айтбектің Салтанаттың тағдырын немесе өмірін шешуге құқығы жоқ еді. Әркім өз жолын өзі таңдайды. Ол уақытта Салтанат отбасын сақтап қалуға тырысты, өкінішке қарай, ол сол кезде үлкен ағасын тыңдап, кетіп қалуы керек еді. Бұл жағдайда Айтбектің кінәсі жоқ", - деді 

Тағы да оқи отырыңыздар: Ақша шақыратын ырымдар

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!