"Жүрегім біртүрлі болып жатыр". Өзінен 6 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан танымал блогер қуанышты жаңалығын бөлісті

"Жүрегім біртүрлі болып жатыр". Өзінен 6 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан танымал блогер қуанышты жаңалығын бөлісті
Фото: Әлеуметтік желі

Танымал актриса, әзілкеш Мереке Қалбаева әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің сіңілісі тұрмысқа шығып жатыр.

"Мә, қобалжып, жүрегім біртүрлі болып жатыр. Не үшін деп ойлайсыңдар қыздар?
Кішкентайынан өзім қарап өсірген сіңілім, тәрбиелім, ақылдым, сұлуым.
Ертең осы сұлуымды ұзатамыз Алла қаласа. Алла жар болсын.
Ертең әкем мың рет жылайды. Мен ұзатылып жатқанда тілек айтқан барлық адамның сөзіне жылап еді. Бағы жансын қызымыздың", - деп жазған ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ф әрпінен басталатын қыз есімдері

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә