Қызылорда облысында аса ірі көлемде "синтетика" саудаламақ болған күдікті құрықталды

Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сараптама қорытындысы көрсеткендей тінту кезінде тәркіленген ұнтақ салмағы 261 гр. болатын α-PVP психотроптық заты екені анықталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды, тергеу жалғасып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!