Алматыдағы жанып жатқан екі қабатты үйден өрт сөндірушілер 12 адамды құтқарды

Алматыдағы жанып жатқан екі қабатты үйден өрт сөндірушілер 12 адамды құтқарды
Фото: видеодан алынған кадр

Алматыда өрт екі қабатты ғимараттың екінші қабаты мен шатырын шарпыды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрттен 12 адам, оның ішінде 5 бала құтқарылды. Өрттен газ баллоны эвакуацияланды.

Қабылданған жедел шаралармен 100 шаршы метр алаңдағы өрт 20 минут ішінде жойылып, ғимараттың барлық алаңына таралуына жол берілмеді.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан