Алматыдағы мешіттерде ұрлық жасап жүрген адам ұсталды

Фото: видеодан кадр

Алматыдағы мешіттерде ұрлық жасап жүрген адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қаланың Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының 24 жастағы тұрғыны төрт тонау әрекетіне және үш көлік ұрлығына қатысы бар болып шықты.

Қаланың криминалдық полициясы мәліметінше, күдікті мешіттерде ұялы телефондарды жасырын түрде алып жүрсе, қаланың төменгі бөлігінде бөтен адамдардың көліктерін ұрлаған.

"Қаскөй Алматы маңындағы компьютерлік клубтардың бірінде ұсталды. Ол ұрлаған көліктер табылды және иелеріне қайтарылды. Соталды тергеудің осы сатысында күдіктінің жеті қылмысқа қатысы бары белгілі болды. Сондай-ақ, күдіктінің осыған ұқсас заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мақсат Қанапяев.

Еске салайық, бұған дейін Астана мешітінде ақша ұрлаған құмар ойыншы анықталды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова