Алматы облысындағы бір ауданда тұрғын жиырмадан аса ұрлық жасаған

Алматы облысындағы бір ауданда тұрғын жиырмадан аса ұрлық жасаған
Фото: Алматы облысы ПД

Алматы облысы Қарасай ауданындағы пәтерде ұрлық жасады деген күдікпен 42 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, тергеу әрекеттері барысында ұсталған адам жиырмадан аса ұрлық жасағанын мойындаған.

"Ер адам заңнамада белгіленген тәртіппен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір ұсталған адамның облыс аумағындағы басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру үшін тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті қолға түскені хабарланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова