"Қазақты жылатқан қасірет болды ғой". Желіде Салтанат Нүкенованың кілемге бейнеленген видеосы пайда болды

Желіде марқұм Салтанат Нүкенованың суретін кілемге бейнелеген суретшінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны TikTok желісіне rasaitam.kz есімді қолданушы жариялаған. Бейнежазба желі қолданушыларының арасында кең танымалдылыққа ие болды. 22 мыңға жуық ұнату белгісі басылып, 1000-нан астам пікір жазылған. 

@rasaitam.kz

Қазақстандық суретші Салтанат Нүкенованың суретін кілемге салды

♬ оригинальный звук - RasAitam

"Қазақстандық суретші Салтанат Нүкенованың суретін кілемге салды", - деп жазылған.

Желі қолданушылары өнер туындысына тамсанып, пікірлерін білдірді."Керемет, өте күшті салынған", "мықты суреттеп көрсетіпті, бір сурет, бірақ бәрін жеткізген", "не деген өнер туындысы", "Салтанаттың жаны жәннатта болсын", "қазақты жылатқан қасірет болды ғой", "оның жанын қинамаңыздар", "Салтанаттың арқасында заң қабылданды", "шебер қыз екен, өнерді бағалау керек" деп жазды олар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!