Су тасқыны: Төтенше жағдай сақталған өңірлерде ҰБТ қашан өтеді?

Еліміздің 14 аймағында негізгі ҰБТ басталды. Тестілеу 5 шілдеге дейін жалғасады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасилов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ал су тасқыны болған 6 өңірлерде ҰБТ 25 мамырда басталады.

"Биыл талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырады. Қазіргі таңда 330 мыңға жуық өтініш қабылданды. 181 мың талапкер тестілеуге қатысуға ниет білдірген", - деді Абдрасилов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Талапкерлер үш міндетті және екі таңдау бойынша екі пәннен тест тапсырады. ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы 120 сұрақ, оған 4 сағат беріледі.

"Комбинацияларға келетін болсақ, қазіргі таңда талапкерлердің 16 пайызы "Математика-Физика", 16 пайыздан астамы "Биология-Химия", 13 пайызы "Шығармашылық", 11 пайызы "Математика-Информатика" пәндерін таңдады. Соңғы бірнеше жылда алғаш рет талапкерлер ең көп таңдайтын бейіндік пәндер комбинациясы өзгерді - "Биология-Химия", - деді Болатбек Абдрасилов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!