Шымкент соты жиенін терезеден лақтырып жіберген ер адамды жауапкершіліктен босатты

Шымкент соты жиенін терезеден лақтырып жіберген ер адамды жауапкершіліктен босатты
Фото: freepik.com

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жиенін терезеден лақтырып жіберген ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "otyrar.kz" сілтеме жасап.

Сот отырысы барысында мас күйдегі ер адам әпкесінің пәтеріндегі асүйде отырып, жылап мазасын алған жиенін үшінші қабаттың терезесінен лақтырып жібергені анықталды.

Ауыр дене жарақаттарының салдарынан бала сол жерде қайтыс болды.

"Прокурор А.Мырзахановты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті өзін-өзі билей алмайтын күйде жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатуды және оған мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауды және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады", - деді Шымкент СМУС судьясы Абинур Қарабаев.

Жәбірленушілер мен қорғаушы тарап прокурордың ұстанымымен келісті. Нәтижесінде сот Мырзахановты есі дұрыс емес жағдайда қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатты және оған мамандандырылған типтегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді тағайындады.

Тағы да оқи отырыңыздар: «Шежре-и түрк» кітабының авторы кім?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә