Жетісу облысындағы балабақшада балаларды ұрып-соққан тәрбиешілер жұмыстан шығарылды

Жетісу облысындағы балабақшада балаларды ұрып-соққан тәрбиешілер жұмыстан шығарылды
Фото: pixabay.com

Балабақшадағы бейнебақылау камерасына тәрбиешілердің балаларды ұрып-соққаны түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бейнежазба Тelegram-арнаның бірінде пайда болды.

Кадрда бірнеше балабақша қызметкері 2-4 жас аралығындағы балаларды кереуетке жатқызуға тырысып жатқаны көрінеді. Алайда балалардың тәрбиешілерді тыңдамауы, оларды ашуландырады, содан балабақша қызметкерлері балаларды итеріп, алақандарымен ұрады. 

Оқиға Панфилов ауданындағы Головацкий ауылының балабақшасында болғаны анықталды. Видеоны балалардың ата-анасы көріп, Желіге салған, нәтижесінде жазба қоғам арасында резонанс тудырды. Қазақстандықтар тиісті шара қабылдауды талап етті.

Панфилов аудандық әкімдігі ресми тексеруді ұйымдастыру үшін балалар мекемесі 10 күнге жабылғанын хабарлады. Тексеру шараларына полицейлер тартылды.

"Балабақшаның қызметі уақытша тоқтатылды. А. және Г. есімді тәрбиешілер жұмыстан шығарылды. Қазіргі уақытта полиция департаменті қажетті сараптамаларды тағайындаумен соталды тергеп-тексеруді бастады. Істі полиция қызметкерлері бақылып отыр", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстандықтар көбіне неше жасында үйленеді?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә