"Өзім таңдадым". Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдукәрімованы алғаш көргеннен-ақ ұнатқанын айтты

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова "Жақсы адамдарым" телебағдарламасына берген сұхбатында "Арман" әніне түсірілген бейнебаянға келіні Жұлдыз Әбдікәрімова түскенін өзі қалағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Гүлзира Айдарбекова Жұлдызды алғаш көргеннен-ақ ұнатқанын жасырмады.

"Қайраттың "Арман" әніне түсірілген бейнебаяндағы қыз Жұлдыз. Тура сол бейнебаянды түсіруге жақындағанда Қайраттың туған күні болды. Оның туған күніне бірге оқитын қыздар келді. Олардың ішінде Жұлдыз да болды. Маған Жұлдыз қатты ұнап қалды. Оған қоса, қарап отырып, Қайрат пен Жұлдыздың бір-біріне көзқарасын, арада сезім барын байқадым. Содан "бейнебаянға басқа қыз түспейді, маған осы қыз ұнады, осы қыз түседі" деп Жұлдызды өзім таңдадым", - деді ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Тамаққа қатысты ырым-тыйымдар

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз