Александр Бублик Римдегі "Мастерстің" жартылай финалына шықты

Римде (Италия) топырақ төсенішіндегі "Мастерс" турнирі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші Александр Бублик жұптық сында осы турнирдің жартылай финалына шықты.

Александр Бублик америкалық Бен Шелтонмен бірге ширек финалда аргентиналық Франсиско Черундоло мен Томас Мартин Этчеверриді 1:6, 6:4, 10:5 есебімен ұтты.

Қазақстандық-америкалық теннисшілердің жартылай финалдағы қарсыластары кейінірек анықталады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!