Алматының кейбір аудандарында су өшіріледі

Алматыда сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізіледі, сондықтан кейбір аудандарда су өшіріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

  • 16 мамырда сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Әуезов ауданында Саин - Райымбек даңғылы - Өтеген батыр - Төле би көшелерінің бойында су беру уақытша тоқтатылады;
  • 16 мамырда сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін Түрксіб ауданында Майлин - Мирная - Бұқтырма - Ақкербез шаршы көшелерінде суық су беру шектеледі;
  • 17 мамырда сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Бостандық ауданында Жароков - Абай даңғылы - Алматы Үлкен өзені - Сәтбаев көшесі, Алмалы ауданында Гагарин даңғылының контурында - Абай даңғылы - Қабанбай батыр - Құлымбетов көшесі - Брусиловский көшелерінде уақытша су болмайды.

"Білім беру нысандарында автоцистерналармен су жеткізіледі. Жұмыстарды уақтылы орындау бұл учаскелердің тұтынушыларын сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Уақытша қолайсыздықтарға байланысты түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз", - деді "Алматы су" МКҚК диспетчерлік қызметі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз