"Қайрат Нұртасты ешқашан тыңдаған емеспін!" - Қарағанды әкімі аялдамадағы жарнаманы сынап тастады

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожықов аялдамаларда жабыстырылып тұрған жарнамаларды сынап тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жарнама агенттіктерімен сөйлесіңіздер, аялдамада жарнама болмауы керек. Мен Қайрат Нұртасты ешқашан тыңдаған емеспін. Оның суреті барлық жерге жабыстырылған. Не енді мынау? Адамша жабыстыруға болады ғой", - дейді қала басшысы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кожухов Мейрам (@meiram_kozhukhov)

Әкім аялдамада ешкімге қажет емес жарнама оның ашуына тиетінін айтты. 

"Әлеуметтік желі не үшін қажет? Сол жерде көп қаралым жинауға болады. Оның бәрін біздің қызметкерлер артынша тазалайды. Кейбір клейді ештеңемен кетіре алмайсың.  

Мұның бәрі қаланың сыртқы келбетіне әсер етеді. Әр аялдамаға жарнамалар үшін арнайы тақтайшалар бар, сол жерге жабыстырыңыздар. Егер жарнамаға толтыра берсеңіздер жазалаймыз. Басқа амал жоқ", - дейді Мейрам Қожықов. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина