Найзағай, нөсер жаңбыр және бұршақ: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Найзағай, нөсер жаңбыр және бұршақ: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері еліміздің көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Оңтүстік циклон салдарынан жаңбыр, найзағай, нөсер жаңбыр және бұршақ болады. 16-18 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 16 мамырда шығыста, 17-18 мамырда оңтүстік-батыста, 18 мамырда солтүстік-батысында күтіледі.

Тек солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарда 16-17 мамырда жауын-шашынның тоқтауы және күндізгі ауа температурасының 18-25 градусқа дейін жоғарылауы күтіледі, ал кейбір аудандарда түнде теріс температура сақталады.

Дегенмен көп жағдайда тұрақсыз ауа-райы жылы оңтүстік-батыс ағыны ауаны жылытады және температура фоны мамыр айындағы климатқа біртіндеп оралады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина