"Аман-есен жетейік, Үйде күткен ғашыққа". Желіде жүргізушілерге арналған өлең жолдары бар көлік пайда болды

Әлеуметтік желіде жанармай таситын көліктің артындағы жүргізушілерге арналған өлең желіде қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көліктің артындағы жазу көптің көңілінен шыққан. Видеоны sabirzhankizi есімді желі қолданушысы жариялаған. Бейнежазбаға 35 мыңнан астам ұнату белгісі басылып, 100-ге жуық қолданушы пікір қалдырған.

@sabirzhankizi_

💕🫂

♬ оригинальный звук - MJ

"Айналайын, асықпа,

Тұлпарға жол қашық па?

Аман-есен жетейік,

Үйде күткен ғашыққа", - деп жазды.

Желі қолданушылары да өлеңге ризашылығын білдірді. "Көзім мөлдіреп кетті ғой", "үйде күткен ата-анаға деу керек", "қандай керемет", "3 жыл бұрын өзім жазып едім, әлі солай тұр ма", "қандай күшті", "сонда да бұрылып жатыр ма" деп жазды олар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз