Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" басшысы қызметінен кетті

Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" басшысы қызметінен кетті
Фото: t.me/bort_01

Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Самұрық-Қазына" қорының басшысы Нұрлан Жақыпов Мағзұм Мырзағалиевке басшы ретіндегі еңбегі үшін алғысын білдірді.

Бұл қызметкен бұрынғы энергетика вице-министрі Асхат Хасенов тағайындалды.

Еске салайық, Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып 2022 жылғы сәуірде тағайындалған болатын. Бұған дейін Мырзағалиев Президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды: ол бұл қызметке 2022 жылғы 13 қаңтарда тағайындалды.

Мағзұм Мырзағалиев 2021 жылғы 9 қыркүйегі мен 2022 жылғы 13 қаңтары аралығында энергетика министрі қызметін атқарды. Ол Қазақстанның бұрынғы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек