Абай облысында қауіпті қоңыздардың кесірінен төрт-түлік мал қырылып жатыр

Абай облысындағы Мақаншы ауданында қауіпті қоңыздар қаптап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жарбұлақ, Қарабұлақ ауылдары мен Алакөлдің жағасы қызыл қоңыздарға толып кеткен.

Жәндіктер жайылымдық жерлерді жайпап жатыр. Ауыл тұрғындары алғашында оларды "колорад қоңызы" деп шатастырған. Бірақ ең сорақысы, зиянкестер төрт-түлік малға да зиянын тидіріп жатыр. Яғни қоңыздан қалған шөпті жеген төрт-түлік те уланып жатқан көрінеді. Бұл мәселеге жергілікті әкімдіктегілер ауылдағы жасыл-желек сақталады деп сендірді. 5 гектар аумақта дәрілеу жұмыстары жүргізілген.

"Әлеуметтік желіде және WhatsApp-та сөз болып жатқан қоңыздың қаптап кетіп, жылқылардың ауырып жатыр деген мәліметі бойынша таңертең мониторинг жасап, ауылдың мал дәрігері бар, әкімшілік мамандары бар, аралап шықтық. Еміл өзенінің маңындағы жылқылардың бәрін, ешқандай қоңыздың қатысы жоқ деп ойлаймын. Қоңыз жылқының үстінде тұрған жоқ. Олар шөпті жеп жатыр", - дейді Үржар аудандық аумақтық инспекциясы мекемесінің бас маманы Айдын Жыланбаев.

Сонымен қатар, туристер көп келетін Алакөлдің жағасын да қоңыз басып кеткенін жоққа шығармады. Қазір мамандар даланы улауға кірісіпті. Олар апта соңына дейін 35 гектар алқапты залалсыздандырмақ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!