Алматылық тұрғын Жапония мен Кореяға виза алып беремін деп жұртты сан соқтырған

Алматылық тұрғын Жапония мен Кореяға виза алып беремін деп жұртты сан соқтырған

Алматыда Жапония мен Кореяға виза алып беруге уәде берген адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түркістан облысының тумасы бірқатар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы өз блогында Жапония мен Кореяда ақша табудың жолдары туралы айтып, қажетті құжаттарды "проблемасыз" рәсімдеп беруге уәде берді.

Жақсы жарнамаланған блогтың 10 мыңнан астам жазылушысы және "клиенттердің" таусылмайтын ағыны жас жігітке жалған визаларды рәсімдеуді бастауға мүмкіндік берді.

"22 жастағы күдікті ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде оның үстінен 15 адам полицияға арыз түсірген. "Қызмет" үшін алдын ала төлем сомасы 100-ден 500 мың теңгеге дейін болды. Алданған адамдар бұдан да көп болуы мүмкін. Күдіктінің заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлеріне хабарласуларын сұраймыз: 8-707-142-01-11 және 8-702-777-11-40", - деді Медеу аудандық полиция Басқармасы бастығының орынбасары Тимур Мулинов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина