"Сол адамнан мені сақтап қалғанына шүкір". Анна Данченко жеке өміріне қатысты жазба жариялады

"Сол адамнан мені сақтап қалғанына шүкір". Анна Данченко жеке өміріне қатысты жазба жариялады
Фото: Әлеуметтік желіден

Тележүргізуші Анна Данченко жеке өміріне қатысты жаңалығын жариялады. Оның айтуынша, бұрынғы сүйіктісі қарыз ақшасын қайтарған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алайда тележүргізуші ақшаны қайтарғанымен кешірім сұрамағанын әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, ренішін білдірді.

 "Адам өзгермейтініне бүгін көзім жетті. Сотқа қатысты емес, өз өміріме қатысты. Алла "сол" адамнан мені сақтап қалғанына шүкір деймін. Адамнан жамандық көрмеймін, көргім келмейді. Маған не істесе де, адам адам болып қалса екен деп ойлаймын. Ақшаны қайтарды, бірақ кешірім сұрамады. Басқа да мәселелер болды", - деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін "Қоқан-лоққы жасап жатыр". Танымал журналист Анна Данченко тосын жазба жариялаған еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы