Жастарда сақал мен тоқалдан басқа мәселе жоқ - Нұрлан имам

Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы Астана қаласындағы 68665 әскери бөлімнің сарбаздарымен өткен кездесуде жастарға қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазір бәрінен бұрын жастар сақал қою мен тоқал алуды уайымдайды.

"Қазір мешітке барған жастарда екі мәселе бар. Біреуі сақалды қалай өсіремін деп уайымдайды, екіншісі тоқал алумен басын қатырады. Сақал мен тоқалдан басқа проблема жоқ секілді", - дейді Нұрлан имам.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз