Алматы қаласында жастарға 15 миллион теңге көлемінде гранттар табыс етілді

2024 жылы 11 мамыр күні Алматы қаласында TURAQTY JOL Ұлттық әлеуметтік эконауқаны аясында Республикалық экологиялық идеялар мен жобалар Фестивалінің финалы өтті.

TURAQTY JOL - бұл мәдени-адамгершілік және экологиялық құндылықтарды бойына сіңіру арқылы өскелең ұрпақты туған жерге ұқыпты қарауға бағыттайтын тәрбиелік бастама.

Республикалық экологиялық идеялар мен жобалар фестивалінің басты мақсаты - 16-35 жас аралығындағы жастардың ел ішіндегі экологиялық проблемалар туралы хабардарлығын арттыру. 300-ден астам өтінім арасынан іріктеліп алынған 10 финалист команда сарапшылармен онлайн оқытудан өтті. Финалистер іс-шараның ақтық кезеңіне жалпы 15 миллион теңге көлемінде жүлде қоры үшін бақтарын сынауға келді. Фестиваль қазылар алқасы экологиялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында қаржылық қолдау көрсету үшін үздік командаларды таңдады.

"Жоба 2020 жылы басталғаннан бері он мыңға жуық қатысушыны жинап, тұрақты даму үшін ЮНЕСКО-ның білім беру саласындағы басым міндеттерінің бірін шешуге бағытталған негізгі бастамасы болып табылады. Бұл бастама жастардың дүниетанымының өзгеруіне ықпал етіп, экологияны сақтау мәселелеріне қоғамдық назар аударатынына сенімдімін", - деп Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының Президенті Болат Оралұлы Ақшолақов атап өтті.

Сараптамалық топтың бағалауының қорытындысы бойынша фестиваль жеңімпаздары анықталды. Өсімдіктерді өсіруге арналған инновациялық жүйені ұсынатын MUNARA жобасы лайықты бірінші орынға ие болды және 6 миллион теңге көлеміндегі грантпен марапатталды. Екінші орын BEELIEVE жобасына бұйырды, бастама инновациялық ұяны әзірлеу және әлемнің кез келген нүктесінен омартаның жай-күйін бақылауға мүмкіндік береді, команда 4 миллион теңге сомасына грант түрінде қолдау алды. Үшінші орын алған CARBONICK жобасы парниктік газдардан таза сутекті алу процесін зерттеу идеясын ұсынғаны үшін 3 миллион теңге көлемінде грант алды. Айта кету керек, JANARU және OSKIN командалары 1 миллион теңге көлемінде ынталандыру жүлделеріне ие болды.

"TURAQTY JOL фестивалі біздің қарым-қатынас дағдыларымызды нығайтып қана қоймай, қарым-қатынас шеңберімізді кеңейтіп, сарапшылардан құнды білім алдық. Біз тұрақты болашақты құру үшін қазылар алқасының ұсыныстарын орындай отырып, жобаны жүзеге асыруға дайынбыз. ЮНЕСКО клубтары Федерациясына, сондай - ақ серіктестер - ЦентрКредит Банкі мен Chevron компаниясына миллиондаған адамдардың өмірін жақсарту мүмкіндігі үшін зор алғысымызды білдіреміз", - деп атап өтті Munara командасының капитаны Кәукен Аружан.

TURAQTY JOL - Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Федерациясының бас серіктесі ЦентрКредит Банкі және ресми серіктесі Chevron компаниясымен ынтымақтастықта табысты жүзеге асырылған жобаның төрт циклінің жалғасы болып табылады. Жобаның іске асырылуы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиясы, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесі қолдауымен өткізіледі.

Фото: Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Федерациясы

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Федерациясы ұсынған материал 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!