"Шашымның бір жанын ойып алдым". Төреғали Төреәлі бейнебаянының түсірілу тарихын әңгімеледі

"Шашымның бір жанын ойып алдым". Төреғали Төреәлі бейнебаянының түсірілу тарихын әңгімеледі
Фото: Әлеуметтік желі

Танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа айдар бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі бұдан былай бейнебаяндарының түсірілу тарихын айтып береді.

"Неге Төрештің бейнебаяндағы шашы бір түрлі" деп жүрген шығарсыздар, ол былай болды…(видеомен түсіндіріп берейін)

Жаңа рубрика - Ән-Тарих! Бұл жолы әннің емес, бейнебаянның түсірілу тарихын айтып бердім, рубрика ұнап жатса басқа әндердің де тарихын айтып беремін, келесі "Ән-тарихты" қай әнге жасаймыз?" - деп жазған ол.

Өнер иесі "Жүрегіңнен жылу" әніне түсірілген бейнебаянда шашы неліктен "біртүрлі" болғанын түсіндірді.

"Жүрегіңнен жылу" деген әннің шығу тарихы. Осыдан бір жыл бұрын кезекті демалысқа шығатын болдық Мальдив аралдарына. Өсер, Фариза, Дархандармен бірге біз де баратын болдық. Сосын Өсер олардың түсіріліміне бара жатқандықтан, мүмкіндікті пайдаланып біз де бейнебаян түсіріп алайық деп ойладым. Бірақ, клип түсіруге ешқандай дайындығымыз болмады. Шаш деген өсіп кеткен, киімдер онша емес, сосын бара көрерміз дедік. "Аралға барғаннан кейін бірнәрсе табылады ғой" деп ойлап, барсақ ол жақта шаштараз жоқ екен. Арал барлық керек-жарақпен жабдықталғандықтан, бәрі бар деп ойладым, сөйтсек тіпті қайшы да жоқ. Сонымен не керек сақал-мұрт алатын ұстарамен шашымды кішкене ғана жұқартып қояйын деп өзім алып жатыр едім, бір жанын ойып алдым. Сосын айнаға қарап тұрып, екінші жағын да бірдей қылайын деп тұрсам, бір уақытта шашымның екі жағын да қырып тастаппын. Шаштан шаш қалмады, төбесін алдым, екі жағын бірдей қылу үшін тұра беріппін. Сөйтіп екі жағын ала бергем, ал артын көрмегенмін, ол қалып қойған. Содан бейнебаянның жартысының кадрлары Мальдив аралдарында түсірілген, қалғанын Алматыға келіп жалғастырдық. Бейнебаян төрт бөлімнен тұратын", - деді ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Көтенасар деген қандай ғұрып?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә