"Қан анализінің нәтижесі шықты". Бельгиялық әйел асырап алған қазақ жігітіне қатысты жаңа дерек пайда болды

Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. Танымал тележүргізуші Қымбат Досжан баланың оқиғасына қатысты тағы бір жаңа дерек айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында әйелдер тапсырған қан талдауының нәтижесі шыққанын жазды.

"8 әйелдің анализі нөл пайыз шықты. Қалған екеуінің қан нәтижесін бүгін күтеміз", - деп жазған журналист. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Алақ көтерілісі қай жылы және қайда болды?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!