Салтанат Нүкенованың әкесі үкіммен келіспейтіндерге үндеу жасады

Марқұм Салтанат Нүкенованың әкесі Амангелді Нүкенов үкіммен келіспейтіндерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бізді ойлағандарға рақмет. Халық қолдап жатыр. Бүкіл әлем қолдап жатыр. Бәріңізге рақмет. Берген жазаны аз деп ойласаңыздар, мешітке барып, Құран бағыштаңыздар. Алла тағаланың да жазуы бар оған әлі", - деді Амангелді Нүкенов.

Еске салайық, бұған дейін экс-министр Қуандық Бишімбаевтың 24 жылға сотталғанын хабарлаған едік.

Марқұм Салтанат Нүкенованың әкесі Амангелді Нүкенов адвокаттарға, прокурорларға және сотқа алғыс айтты.

Сонымен бірге ол екінші сотталушы Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімімен келіспейтінін айтты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!