"Қазақстандық Лондонда адам өлтірді". СІМ пікір білдірді

"Қазақстандық Лондонда адам өлтірді". СІМ пікір білдірді
Фото: Көрнекі сурет ia-centr.ru

Қазақстандық ер адам Лондон адам өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Биыл 10 мамырда Лондон қаласының полициясы Қазақстанның Ұлтыбританиядағы елшілігіне адам өлтірді деген күдікпен қазақстандықтардың ұсталғаны хабарланды. Олардың ерлі-зайыпты екені анықталды. Әйелі босатылды, күйеуі қамауда отыр. Полиция оны тергеп жатыр. Жақын арада оның соты болады деп күтеміз. Соттан кейін шешім қабылданады", - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде қазақстандық ер адамның адвокаты бар. Ол Қазақстандағы туған туыстарымен байланысты. 

Еске салайық, бұған дейін БАҚ-та Лондонда 37 жастағы қазақстандыққа адам өлтірді деген айып тағылды.

Лондон полициясының мәліметінше, биыл 6 мамырда кешкі сағат 21:00 шамасында Лондондағы аудандардың бірінде 42 жастағы ер адам өлі табылған. Ол пышақ жарақатын алған.

"Оқиға орнында кісі өлтірді деген күдікпен қазақстандықтар ұсталды. 37 жастағы қазақстандыққа адам өлтірді деген айып тағылды, ал 33 жастағы әйел тергеу шаралары аяқталғанға дейін босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, күдікке ілінген қазақстандық Ұлыбританияға 2023 жылғы мамырда 6 айға маусымдық жұмыс визасымен келген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Есен